Педагог-психолог: Искакова Д.Е. 4 «б» сыныбында «Біз әртүрліміз, бірақ біргеміз» тақырыбында тренинг-сабақ өтті. Сынып ұжымын біріктірудің мақсаты – оқушылар өзін жайлы сезінетін, бір-біріне құрметпен қарайтын және тиімді әрекеттесе алатын достық әрі қолдаушы ортаны қалыптастыру. Бұл эмоционалды ахуалды жақсартуға, оқу мотивациясын арттыруға, сондай-ақ қарым-қатынас пен ынтымақтастық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.