«№1Чкалов орта мектебі»КММ Бүгін аға тәлімгер Крамер В.Н. 4-сыныптарда «Мейірімді істер шеберханасы» атты сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шара барысында оқушылар мейірімділік пен қамқорлықтың маңыздылығын талқылап, бір-біріне құрметпен қарау, жақсы істер жасау туралы ой бөлісті. Сондай-ақ әр сынып өздерінің «мейірімділік қазынасын» құрып, жақсы істер тізімін жасады. Бұл іс-шара оқушылардың адамгершілік, жауапкершілік және өзара көмек көрсету құндылықтарын қалыптастыруға бағытталған.