Мәтінді өзгерту үшін теңшеуді басыңыз, виджеттерге өтіңіз, содан кейін Header Widget Area іздеңіз және оның орнына мәтінді енгізіңіз. Тілді тағдыңыз. Керек емес болса өшіріңіз.
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «№1 Чкалов орта мектебі» КММ
Жапсырмаға ғ секунд назар аударсаң = денсаулығыңды сақтайсың
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «№1 Чкалов орта мектебі» КММ
Бүгін полиция капитаны Такенова Ж.У. педагогикалық ұжыммен алаяқтықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында профилактикалық әңгіме жүргізді.
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «№1 Чкалов орта мектебі» КММ
«№1 Чкалов орта мектебінде» КММ аға тәлімгер Крамер В.Н. мектеп парламентімен бірлесіп «денсаулыққа пайдалы үзілістер» – сергіту сәттерін ұйымдастырды. Аталған іс-шара оқушылар арасында салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға, қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыруға және оқу күні бойы жағымды көңіл күй сыйлауға бағытталды. Көңілді әрі белсенді жаттығулар балаларға шаршауды басып, күш-қуатын қалпына келтіруге және үзіліс уақытын пайдалы өткізуге көмектесті.
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «№1 Чкалов орта мектебі» КММ
«№1 Чкалов орта мектебі »-де мектеп волонтерлері мен аға тәлімгер Крамер В.Н.-ның ұйымдастыруымен қарт адамдарға қар тазалау бойынша көмек көрсетілді. Іс-шара үлкендерге құрмет көрсетуге, қамқорлық пен мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында өткізілді.
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «№1 Чкалов орта мектебі» КММ
Бүгін «№1 Чкалов орта мектебі» КММ-де кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор Найманбаев Б.К. «Құқық пен тәртіп» айлығы аясында 5–11 сынып оқушыларымен «Буллинг пен кибербуллингтің салдары», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптарында профилактикалық әңгіме өткізді. Мұндай іс-шаралар қауіпсіз әрі қолайлы мектеп ортасын қалыптастыруға, оқушылар арасында бір-біріне деген құрмет мәдениетін дамытуға бағытталған.
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «№1 Чкалов орта мектебі» КММ
Бүгін кәсіби бағдар беруші педагог Елена Сергеевна 1 «А» сынып оқушыларымен «Адамдарға көмектесетін мамандықтар» тақырыбында сабақ өткізді. Балалар ойын түрінде маңызды әрі пайдалы мамандықтармен танысып, әр мамандықтың адамдар өміріндегі рөлін түсінді. 👩‍⚕️👨‍🚒✨
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «№1 Чкалов орта мектебі» КММ
8 қаңтар күні мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Е.З.Грибовская мен кітапханашы Н.Т.Понятовскаяның жетекшілігімен No1 Чкалов орта мектебінің 7-сынып оқушылары «Қар ханшайымы» театрландырылған қойылымымен ерекше қажеттіліктері бар мектеп-интернатына барды. Кездесу достық жағдайда өтті.
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «№1 Чкалов орта мектебі» КММ
«№1 Чкалов орта мектебі» КММ Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз» ұранымен «Қысқы қызықтар» атты спорттық ойындар өткізілді. Оқушылар таза ауада өткен қимылды ойындар мен эстафеталарға белсене қатысып, көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер алды. Іс-шара денсаулықты нығайтып, ұйымшылдыққа және белсенді демалысқа баулуға ықпал етті.
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «№1 Чкалов орта мектебі» КММ
Бүгін «Чкалов орта мектебі № 1» КММ -не Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі департаментінің өкілдері келді. Қызметкерлер оқушыларға кәсіби бағдар беру кездесуін өткізіп, шекара қызметінің ерекшеліктері, үміткерлерге қойылатын талаптар, оқу мен мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы мәлімет берді. Кездесу мазмұнды әрі мотивациялық болды. 🇰🇿✨
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «№1 Чкалов орта мектебі» КММ
Бондаренко Лияны және оның тәлімгері Виктория Викторовнаны «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» облыстық байқауында І орын алған жеңісімен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер мен толайым жеңістер тілейміз!
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «№1 Чкалов орта мектебі» КММ
Бүгін «№1 Чкалов орта мектебі» КММ -де кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспектор Найманбаев Б.К. оқушылармен буллингке жол бермеу және оқушылар ұжымында сыйластық қарым-қатынас қалыптастыру тақырыбында профилактикалық әңгіме өткізді. Кездесу барысында «буллинг» және «кибербуллинг» ұғымдары, олардың салдары қарастырылып, жанжалды жағдайларда өзін дұрыс ұстау және көмек сұрау жолдары бойынша ұсынымдар берілді. Мұндай іс-шаралар қауіпсіз әрі қолайлы мектеп ортасын қалыптастыруға, құқық бұзушылықтың алдын алуға және бір-біріне құрметпен қарау мәдениетін тәрбиелеуге бағытталған.
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «№1 Чкалов орта мектебі» КММ
«№1Чкалов орта мектебі » КММ білім ордасында аға тәлімгер Крамер В.Н. мектеп парламентінің отырысын өткізді. Отырыс барысында маңызды мәселелер талқыланды: оқушылардың сырт келбеті, ауыстыратын аяқ киіммен келу, волонтерлік жұмыстарды ұйымдастыру, жаңа жылдық утренниктерге дайындық, үлкен үзілістерде бастауыш сынып оқушыларына арналған ойындар мен физминуткаларды өткізу, сондай-ақ 3-қабаттағы фойені және акт залындағы холлды безендіру.
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «№1 Чкалов орта мектебі» КММ
«№1 Чкалов орта мектебі» КММ-нің 9–11 сынып оқушыларына «Курьер» көркем фильмі көрсетілді. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдердің өз денсаулығына саналы көзқарасын қалыптастыру және оларды есірткіге тәуелділікке тартудың алдын алу. «Курьер» фильмі (қазақстандық кинотуынды) жасөспірімдер ортасындағы өзекті мәселелерді көтеріп, ойланбай қабылданған шешімдердің салдарын және есірткі заттарының жастар өміріне тигізетін теріс әсерін көрсетеді.
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «№1 Чкалов орта мектебі» КММ
Кәсіби бағдар беруші педагог Елена Сергеевна 3 «Б» сынып оқушыларымен «Сиқырлы дорба» атты танымдық ойын өткізді. Балалар дорбадан карточкаларды алып, әртүрлі мамандықтардың суреттерінен жасалған пазлдарды құрастырды және түрлі салалар мамандары немен айналысатынын білді. Ойын қызықты да, пайдалы болды! ✨🧩
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «№1 Чкалов орта мектебі» КММ
Бүгін 5–11 сынып оқушылары арасында «Қойылма» тақырыбында фильм көрсетілімі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың тыйым салынған заттардың таралуына байланысты туындайтын қауіп-қатерлер туралы хабардарлығын арттыру және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «№1 Чкалов орта мектебі» КММ
«№1 Чкалов орта мектебі» КММ -де бастауыш буында аға тәлімгер Крамер В.Н. көңілді сергіту сәтін өткізді. Оқушылар белсенді түрде қатысып, музыкамен әртүрлі жаттығулар орындап, күн бойына көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Бұл шара балалардың денсаулығын нығайтуға, белсенділігін арттыруға және достық атмосфера қалыптастыруға ықпал етті.
«Тайынша ауданының білім бөлімі» КММ «№1 Чкалов орта мектебі» КММ
Карта Leaflet