«№ 1 Чкалов орта мектебі» КММ-де сынып жетекшілерінің басшылығымен жалпы мектептік ата-аналар жиналысы және ата-аналар жиналысы өткізіліп, онда мынадай мәселелер қаралған:
1. Оқу жылының аяқталуы бойынша жоспарлар;
2. Жазғы демалысты ұйымдастыру кезеңі;
3. Келесі оқу жылына арналған мектеп формасы;
4. Демалыстағы қауіпсіздік;
5. Интернет қауіпсіздігі;
6. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар;
7. Жол қозғалысы ережелері;
8. Қауіпсіз терезе: балалардың терезеден құлауының алдын алу;
9. Өрт және су объектілеріндегі қауіпсіздік қағидалары.
Сонымен қатар, балалардың терезеден құлауының алдын алу мақсатында «Қауіпсіз терезе» акциясы өткізілді.