Педагог-психолог Искакова Д.Е. 9–11 сынып оқушыларымен «Неке және отбасы» тақырыбында әңгіме жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың неке мен отбасы туралы түсініктерін қалыптастыру, отбасылық қарым-қатынастың этикасын таныту.
Міндеттері:
• отбасы ішіндегі қарым-қатынастар туралы дұрыс көзқарасты қалыптастыруға ықпал ету;
• «отбасы» және «неке» ұғымдарымен таныстыру;
• өзара құрмет, жауапкершілік және сенімге негізделген сау отбасылық қатынастардың маңызын талқылау.
Іс-шара сенімді атмосферада өтті, оқушылар белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті