Бүгін«№1Чкалов орта мектебі» КММ жас педагогтер мен 11-сынып оқушыларының қатысуымен спорттық ойын өткізілді.Іс-шара достық әрі белсенді атмосферада өтіп, оқушылардың командалық рухын нығайтуға, дене белсенділігін арттыруға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды. Қатысушылар көтеріңкі көңіл күй мен жағымды эмоция алды.
